Міндеу мен күндеу Көп сөз айтқан бұрынғы білімділер, Пайдалансын, ұқсын деп кейінгілер. Сынға салып талғамай талапты жас, Соның бәрін қатесіз жөн деп білер. Олай емес, ойласаң, талай мін бар, Бұрын шын, қаталы шын, анық шын бар. У берді ме сусын деп, су берді ме, Көзің жұм да жұта бер деген кім бар? Кім айтса да сынамай қойма, жаным, Ақылыңа сынатып ойла, жаным. Пәлеңшекем айтқан сөз дұрыс қой деп, Жүректің таразысын жойма, жаным. Тегіс тексер, сөз көрсең, сыр мен сынын, Түзетуге именбе, тапсаң мінін. Әдеп сақта жалғыз-ақ қате айтты деп, Былшылдапты дей көрме, білсең шынын. Біле тұра...