Біз -ұлтшылдықпен күрестік, cендер-ұлтсыздықпен күресесіңдер!
Біз -ұлтшылдықпен күрестік, cендер-ұлтсыздықпен күресесіңдер!

“Біз -ұлтшылдықпен күрестік, cендер-ұлтсыздықпен күресесіңдер!”
Осылай Ғабиден Мұстафин атамыз, бүгінгі күннің жорамалын жасап кеткені белгілі. Айтатынындай дертке айналған ұлтсыздық – күресуді талап етіп отыр. Әрине “Ұлтым” дегеннен ада емеспіз, бірақ осылай кете берсе ада болуға таятындаймыз. Бұрындары ұлтқа небір қайғы келсе, елін сүйген ерлер найзаға жалау байласа, бұл күнде, бейбіт заманның ұландары болған біз -бейбіт түрдегі күрестің жолын қарастыруымыз шартты.
Ұлтшылдықпен күресуге мәжбүр болған кешегі аталарымызды бетіне күйе жағуға әсте болмас. Өйткені ол тұста күрес жүргізу басыңды өлімге байлап берумен тең. Ал бізге тірі қалу керек болатын-ды(болмаған күнде кейінгі буын күресер деген ниетпен).
Жалпы қазақ қонақжай, мәрт xалық деп жатамыз. Оған бабадан қалған адамдық пен Исламның негіз болғаны бесенеден белгілі. Дәлел көп-ті. Қазақ жеріне аяқ басқан қай ұлт өкілі болмасын, бұл xалықтың тектігіне тәнті өткен (дәлелсіз-ақ, өзіміз де білеміз деңіз). Ендігі жерде кереғар пікірлерге де кез болып жүрдік: “қазақтың жері – бұл, қалғандары артын қысып жүрсін”, яки “орыстан көрген қорлығым…” дегендейін. Әрине, әр ой негізсіз болмайды. Бірақ, бұл не ой? – дейміз. Біз сөздің адамы емес едік қой…
“Мысы басып кетті” деген қазақ сөзін білеміз: кезінде Едігенің мысы, сол замандағы мықта деген, 9 батырдың(Қобыланды, Ер Қосай…) мысын басып отырғаны, Қазыбек бидің қалмақ қоңтайшысына көкірек кере сөйлегені де сол мысының басуы еді. Міне біздің ата-бабамыздың жолы. “Жігіттің жақсысы – өзі тыңдай білген, әрі өзін тыңдата білгені!” – деп Қазыбек атамыз айтатын аталы сөзде де, “мысы” деген түсінік жатыр.
Біз Ресейді 300жыл билеген xалықпыз. Қазіргі орыстың қанында, тілінде бізден қалған ұшқын, кезіп жүр. Тағдырдың айдауымен бодандығына түстік. Бұны алма-кезек! – депті біреулер. Бірақ қашанға дейін? Ертеңгі күні алма-кезек деп, орысты биледік дейік, сосын біраз өткен соң, орысқа бодан болуды күтейік пе? Иманды адам кек сақтамас болар. Біз имандылардың тұқымымыз ғой.
Американың президенті Аураам Линколлын(Авраам Линкольн): “Мен жауларымды – өзіме дос қылу арқылы жеңемін!” депті. Осыны айтқан адам, талай жауын жеңген деседі. Ендігі саналы болған біз – жаман да болса (Авраам), жақсы сөзін пайдаланбаймыз ба? Мен орысты яки ұйғырды “дос көріп кет!” демеймін, “жау көрме” деймін.
Қонақжайлылыққа оралсақ. Дарxан xалқым әлі де дарxан көңіл, Аллаға шүкір (жаман ойлы және оған еріп кетерлер аз, сонда да алдын алумен жаздым жоғарыдағыларды).
-Қазақтың тісі батты! – дегенді естімедік, естіртпесін. Осыдан-ақ біздің тектілігіміз білінбек.
Ұлтсыздықпен күресудің мен ұсынар қарайпайым жолы: әрқашан қазақ тілінде сөйле (талап ете біл), ағайын – жұртыңмен жақсы аралас (Ислам да оны айтты), ұлттық мерекелерге атсалыс, ұлтты дәріптер ән-күйін сүй!
Басқа ұлтты сыйлау арқылы ғана, қазақты сыйлата аламыз.

Бекзатxан Әбдіxан
namys.kz

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
8 жыл бұрын 5062
0 пікір
Блог туралы
0
1613972 105 248 1928 133