Өте әдемі сөздер
Өте әдемі сөздер

Әсет Найманбайұлы

"Насихат" толғауынан үзінді

...Біреумен уағда етсең серттен қайтпа,
Тоқтатып талап атын тізгін тартпа.
Дүниеде пайда да бар, зиян да бар,
Өзің күй, өзің сүйін біреуге артпа.
Сасқанда санасыздан ақыл сұрап,
Есекке көлік қой деп жүгіңді артпа.
Жүрегі анық жаудың аршылмайды,
Байқамай бал берсе де дәмін тартпа.
Жылымды көлкіп аққан көл деп ойлап, 
Өтем деп шыға алмай суға батпа.
Алдамшы залым болып қу атансаң,
Жан алмас жауабыңды инабатқа.
Орны бар не нәрсенің абайласаң,
Біл деп білім жаратқан адамзатқа...

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
9 жыл бұрын 14815
0 пікір
Блог туралы
0
1613972 105 248 1928 133