Музыка – бұл біздің өміріміздің үлкен бір бөлігі. Бұл үнемі жетіліп отыратын, әлемге әйгілі әлеуметтік үрдіс. Сөзсіз, сіз күніге әр түрлі жерден шығатын — сауда үйлері, зәулім көшелер мен дүкендерден естілетін әуендерге, радио толқынында, теледидар каналдар мен интернетте ұдайы ойнап жататын дыбыстарға құлақ тұндырасыз.
Бүгінде көптеген оқу орындарында да, жұмыс барысында да музыканың қажеттілігі аса үлкен рөл ойнайды. Егер сіз музыкамен тығыз байланыстағы мұндай жағдаяттармен жиі бетпе-бет келе беретін болсаңыз, бұның ақыры сізді еш бітпейтін мазасыздану мен күйзеліске душар етуі мүмкін. Алайда көбісі, әсіресе, жастар ерікті әрі әбден саналы түрде осыны таңдап жатады – яғни, олар музыканы, музыкамен өмір сүруді жанымызға, тәнімізге, ойымызға азық және жұбаныш болады деп біледі.
Бұл, яғни музыка тыңдау адамға еш залалын келтірмейтін, сондай-ақ ішкі жан дүниеңде тыныштық орнатып, рахатқа бөлейтін, ойдың ұшқырлығын арттырып, әлдебір іске ынталандыратын іс-әрекет ретінде қабылдануы мүмкін. Оған қоса, бұл сені құлшылығыңнан, ауыз бекітіп, өзге де жақсы амалдар істеуден тоспаса, тоқтатпаса, онда одан қандай зиян келуі мүмкін дейміз…солай емес пе?
Менің осыдан бірер жыл бұрын болған оқу орындағы сабағымның есіме түсіп тұрғаны. Ұстазымыз иман келтірген адамның жүрегінде Құран менен музыканың бірдей уақытта бірге үйлесім табуы мүмкін емес деп түсіндірген еді. Кейін мен бірнеше айлар бойы осы бір қарапайым ғана айтылған ақиқат мәселенің төңірегінде қатты ойланған болатынмын. Және мен үшін бұл үлкен бір мәселе еді. Дәл сол кезде мен жақсы мұсылман болуды үйреніп жүрген болсам да, сол бір көңіл қалауымды, әйткенменен жағымсыз да жаман сипаттағы қалауымды қанағаттандыруды жалғастыра бердім. Бірақ бұл менің ойларыма, құлшылығыма, жалпы өмір сүру салтыма әсер етті. Содан мен бір-бірімен үйлесімді болып көрінген осы қос жағдай туралы ойланып, екеуіне ортақ нәрселерді табуға тырыстым. Бәлкім дәл қазір сіздің де ішіңізде тура сондай ынтықтық (мүмкін, музыкаға) пен ішкі жанталас, күрес болып жатқан болар.
Музыка әлде құран ба?
Қасиетті Құранды таныстырып жатудың қажеті жоқ. Бұл адамзатқа берілген рақым, шарапат, жол бастаушымыз бен қорғаушымыз. Бұл сондай-ақ, құдіретті ескертпе, ескерту, ғажап та керемет зат және Алладан болған ақиқат. Ұлы ғұламалар айтқандай, «Құранның бәрі таухид». Ал мұсылман үшін тәухидке еруден артық ештеңе болмауы тиіс.
Ал музыка дегеніміз – бұл тәухидтен басқасының бәрі. Сен маған музыканың әр түрлі артықшылықтарын келтіріп, пікір таластыруың мүмкін, ал мен саған керемет ой салатын он екі қарапайым ақиқатты ұсынамын.
- Негізі, болмысы
Құран: Алланың сөзі.
Музыка: Адамның қолымен жаратылып, жасалған және тараған.
- Тақырыбы
Құран: Тәухид (Алланың бірлігі), Ақида (шариғат), құлшылыққа қатысты мәселелер және мәңгілік, яғни ақыреттік пайдалар.
Музыка: Жалпы алғанда, ең арзан шаһуаттар мен нәпсі қалауы және дүниауи пайдалар.
- Артықшылығы немесе пайдасы
Құран: Мейлі оны оқыңыз, тыңдаңыз немесе ақылға салып, ойланыңыз (Құранда айтылғанға ой жүгірту мағынасында), ол барлық жерде сізге 100 пайызға сенімді түрде тек пайда әкеледі.
Музыка: Еш пайдасы жоқ.
- Мазмұны
Құран: Адамды мына дүниеде де және ақыретте де бақытқа кенелту, жетістікке жеткізумен, сонымен қатар, көркем мінез, жақсы амал және құлшылықпен байланысты.
Музыка: Мына уақытша өмірде ғана жетістікке жеткізу турасында, сонымен қатар, мінез-құлықты құрту, ішімдік, есірткі, тәндік қалаулармен, суицидпен байланысты.
- Міндеті (яғни, нені насихаттайды)
Құран: Сүннетке еруге, бойұсынушылық, құлшылық пен тура жолға, жақсы мінезді, кешірімді болуға және Жәннатқа шақырады.
Музыка: Адамды соншалықты үлкен дәрежеде күнәға батырады және күнә жасауға алып баратын барлық өзге амалдарға итермелейді (арзан қалаулар, байлық, билік, имансыздық, жалаңаштану).
- Мақсаты
Құран: Алланы еске салу.
Музыка: Алланы еске алудан жырақтату (көңілді аударту).
- Жасалуы және қайта жасау
Құран: Оны ешкім жасамаған және жасай да алмайды. Алла Тағала мұны Құранның әр түрлі аяттарында да анық келтіреді.
Музыка: Әр адам оны жасап та, қайта жасап та шығара алады. Өнер саласын оқытып, үйрететін оқыту курстары, мектептер мен мамандар өте көп.
- Жалпы әсері
Құран: Ұзаққа жететін және жанға азық болатын адамның ішкі болмысы мен жанға жайлы әсер береді. Адам көпке дейін жақсы күй кешеді.
Музыка: Адам баласына қысқа ғана уақытқа дейін созылатын жақсы әсер береді және сыртқы жан дүниесіне әсер етеді.
- Адамның жанына әсер етуі
Құран: Адамның рухын тазарту арқылы оған рухани, таза азық береді.
Музыка: Адамның рухын әлсіретіп, нәпсісін одан бетер қоздыру арқылы жанына сапасыз азық береді.
- Жүрекке әсері
Құран: Еш «ауруға» шалдықпаған иманы берік жүрек қалыптастырады.
Музыка: Күдіктен бастап ерік-қалауға дейінгі жүректің ауруларын асқындырады.
- Өмір сүру салты мен әдебіне әсері
Құран: Адам саналы түрде белсенді және позитивті өмір сүру әдебін ұстанып, тұлға болып қалыптаса алады.
Музыка: Салауатты, жақсы өмір сүру әдебіне кері әсер етіп, адамның тұлғалық келбетін бұзады.
- Алламен байланыс
Құран: Кез-келген адамды Аллаға жақындастыра отырып, оған Алланы танытады.
Музыка: Алла хақында адамды бейқамдыққа душар етіп, әншілерге деген әуестілігін арттырады.
Шүбәсіз, Құран бұл – адамды өзіндік және рухани тұрғыда өсуге құлшындырып, Тәухидтің растығын бекітетін, фитраға қарай жетелеп, ақылға ой жүгіртеуіне әсер ететін, адамзатты дамытып, жетілдіретін ең ұлық құрал іспеттес.
«Міне, осы кітапта күдік жоқ, тақуалар үшін тура жол көрсетші» Бақара сүресі, 2-аят.
Бүгінде әлемдік музыка индустриясының құны миллиард долларға дейін татиды және жыл сайын бұл кіріс өсіп келеді. Әйтсе де, олар музыка мен әншілерді дүниауи жетістік пен жеңістің, бақыт пен ішкі бейбітшіліктің көзі ретінде көрсетіп, оларды биікке көтереді. Осылайша олар тура жолға бастайтын айқын ақиқат хабарға қарсы қолданылатын көптеген жаңа жолдар қарастырумен әлек болып жүр. Бейқам болма, нәпсіңмен күрес және жоғарыда аталған қарапайым да болса ақиқат мәселелерді ақылға салып, ойлануды тоқтатпа.
Jamiat.org.za сайтынан қазақ тіліне аударған Tamshy.kz
http://www.tamshy.kz