«Ойламаңдар, жігіттер !!! «Өмір туралы толғау» сөзі: Жәнібек Кәрменов
«Ойламаңдар, жігіттер !!!  «Өмір туралы толғау»  сөзі: Жәнібек Кәрменов

«Өмір туралы толғау»

«Ойламаңдар, жігіттер, Баста дәурен тұрмайды. Өтіп кеткен сұм жалған Қайтып бір мойын бұрмайды. Адам қонақ өмірге, Бір күні қолын бұлғайды. Тірліктің түбі белгісіз, Ағын бір судай зырлайды. Опасыз мына дүние Тұтқа болған кімдерге?.. Өмірдің соңы өкініш Санамен ойлап білгенге, Қадірі болмас адамның Ортаңда тірі жүргенде. Орны қалар ойсырап, Бір күні көрге кіргенде. Қызыл түлкі секілді, Уақыт сайқал алдайды. Байлықты қусаң базарлап, Түбінде саған сол қайғы. Еңбекпен еккен бәйтерек Күтімін тапсаң солмайды. Қулықпен тапқан мал - арам, Өзіңе қайыр болмайды. Мансапқа жетсең, адал бол, Қызмет ет халқыңа, Әнін тыңда, күйін ұқ, Басыңды и салтына. Қарашада қара үй тұр, Қарайлай жүр артыңа. Жолдас болма жаманмен, Көзің жетпей парқына. Өзіңді біреу мақтаса, Желігіп, оған тасыма. Бетіңе айтар адал дос, Жау деп одан жасыма. Бәрін де кейін көрерсің, Іс түскенде басыңа. Күн үшін жүрген қулардың Бірі де қалмас қасыңда. Өмір - базар қайнаған, Өмірдің тосқан таласын. Атыңды сайлап бір күні, Додаға сен де барасың. Жеңілсең де, жеңсең де, Көппенен бірге боларсың, Жалғыз шықпа сапарға, Өкініште-ау қаларсың. Қайырым түбі - даналық, Жақсылық етпе есеппен. Аулақ ұста бойыңды Әзәзіл жалған өсектен. Қара жер жұмсақ жамбасқа, Махаббат жоқ төсектен. Қорлықта өтер өмірің Қосақталып, есеппен. Пенденің көзі жалғанда Дүниеге тоймайды. Моласына бірақ та Алтыннан белгі қоймайды. Бағыңда өскен бәйтерек Күтімін тапсаң, солмайды. Арманы биік асыл ер Ұрпақтың қамын ойлайды. Мұңайма, көңілім, мұңайма, Тыныштал енді, жүрегім, Бір күні сен де тоқтарсың, Оны да жақсы білемін. Бас имей жүрген тағдырға Текті бір жанның бірі едім. Адам боп келдім өмірге, Адам боп өту - тілегім, Бәріңе соны тіледім!» 

 сөйлемдердің әрқайсысы қаншалықты жүк, аманат арқалап тұрғанын өзіңіз-ақ іштей саралай берерсіз

 

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
8 лет назад 55656
1 комментарий
  • Сөзі Ақтамберді жырау Сарыұлынікі (1675-1768 жж). Жәнібек әнінің авторы. Бұл өсиет-терме. Бізге ол "Замана" толғауы, "ойламаңдар жігіттер" деген атпен жеткен. Терме Жәнібекке дейін жүздеген жылдар бұрын орындалып келеді. Ал мына өңдеу, сөзсіз ең әдемі өңдеу мен сарын болғасын өміршең. Ал жасындай жарқыраған Жәнібек өсиет айтар жасқа жетпей, қыршынынан қиылып, жол апатынан, небәрі 30-ында қайтты
    1 год назад
О блоге
0
1613972 105 248 1928 133
Прямой эфир