2003 жылы жердің сатылу-сатылмау жайында пікір алмасу кезінде жазылған. Мұрат Мұсайбекұлы Абдрахманов
2003 жылы жердің сатылу-сатылмау жайында пікір алмасу кезінде жазылған. Мұрат Мұсайбекұлы Абдрахманов

ЖЕР САТУ ТУРАЛЫ…

Жер сату Отаңынды сатқанмен тең,

Алтын Ай, Күміс күнің батқан мен тең.

Айырылып Жер Анадан аялаған

Баяғы құлдығыңа қайтқанмен тең.

 

Жер сату өз анаңды сатқанмен тең,

Қарғысы қас дұшпанның атқанмен тең.

Жеріңді алған алпауыт байсымақтың

Босғасын күзетіп жатқанмен тең.

 

Жер сату өз үйіңді сатқанмен тең,

Дүние – пайдасы не, болса да кең.

«Жерұйық» - Асан бабам қойған атын,

Қалар болып сәтте-ақ бөтен мекен.

 

Жер сату өз ұлыңды сатқан мен тең,

Күшігін аш бөріше қапқанмен тең.

Өспей жатып, өшіріп бар үмітін,

Келешегін балтамен шапқанмен тең.

 

Жер сату қарындастан безгенмен тең,

(Боларын ол да осылай сезген бе екен?)

Ел-Ана, Ару-Ана, әлди қызың,

О дағы «жезөкше» боп кетер ертең.

 

Жер сату жан-жарыңды сатқан мен тең,

Махаббатын аяққа басқанмен тең.

Намыс, кек, ар-ұяттан ада болып,

Күйігін өкініштің татқанмен тең.

 

Жер сату досыңды сатқанмен тең,

Асыл жанды өзіңе пейілі кең.

Бар асылды сатқандай не көрінді

Мәреміз бе бүгінде осы жеткен?!

 

Мұрат Мұсайбекұлы Абдрахманов

Қазақстан Республикасы Одағының

Мүшесі (1986ж)

 

Әбдірахманов Мұрат Мұсайбекұлы 

(10. 01. 1938 – 14. 09. 2015)

 Алаштың Арғын тайпасы Қанжығалы руы, Үмбетей тегі. Ата қонысы Ерейменнің Күншалған-Ағдін аймағы. 1938 жылы 10 қантарда Омбы облысы Есілкөл ауданы «Боевой» кеңшары «Сарыат» аулында туған.

1963 жылы Қарағанды педагогикалық институтының тарих-филология факультетін, 1982 жылы Қазақстан компартиясы орталық комитетінің Алматы жоғары партия мектебін бітірген.

Еңбек жолын 1957 жылы Ақмола облысы Бестөбе кенішінде жұмысшы болып бастады. Институтты бітіргеннен соң 1963-1965 –оқу жылдарында Целиноград облысы Ақмола қаласының №4 орта мектебінде, осы облыстың Ерейментау ауданы «Жаңатұрмыс» орталау мектебінде ұстаздық еткен. 1965-1973 жылдары Павлодар педагогикалық институтында педагогика тарихы мен теориясынан дәріс берген.

1973-1985 жылдары Қазақстан КП Павлодар облыстық комитетінің лекторы, лекторлар тобының жетекшісі, үгіт және насихат бөлімі басшысының орынбасары.

1985-1992 жылдары Павлодар облыстық телерадио комитетінің төрағасы, 1986ж.—Павлодар облыстық халық депутаттарынң мүшесі, 1986жылы СССР журналистер одағының мүшесі болды.

1992-2000 жылдары Павлодар облыстық мәдениет басқармасының бастығы болып қызмет атқарған.

«Қазақ тілі» қоғамның республикалық ұйымының Басқарма мүшесі болды, 2001 – 2010 жылдары зейнеткерлікке шыққаннан соң Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамының Павлодар облыстық ұйымын басқарды.

Қазақстан Республикасы Журналистер Одағының мүшесі, «Теміржол байланысы терминдерінің орысша-қазақша сөздігі»(2006ж), 2008 жылы – «Ақирек адырлар мен ағдін асуларды сағынам», 2010 жылы-«Қоғам белестері» - қазақ тілі қоғамы Павлодар облыстық ұйымының тарихы туралы, «Білгенге - маржан»(Экологиялық оқу-ақпараттық құрал), «Мен сендердің, бәріңнің де асқар таудай қорғаныңмын», 2015 жылы -ақын Қабыл Боранбаевтың 100 жылдығына орай - «Сарыарқа - алтын бесігім»

атаулы кітаптары, ұлттық тіл мәселелері жөнінде 50-ден астам мақалалары жарық көрген.

2011 жылы Астанаға көшіп келгеннен бері Астана «Қазақ тілі» қоғамын ашып, ұйымының жауапты хатшысы болған.

М.М Абдрахманов -1988жылыҚазақ КСР-ы Жоғарғы Кеңесі Президиумының Мақтау Грамотасымен, КСРО телевизия және радиохабарлар Комитетінің, Қазақ КСР мәдениет министрлігің Мақтау Грамоталары мен, 2001 жылы Астананың 10 жылдығына орай Елбасының «Алғыс хатымен», «Павлодар облысына 75 жыл», 2009 жылы Павлодар облыс Әкімнің «Ерен еңбеғі үшін» медальдармен марапатталған.Ол жайында өмірдеректік мәліметтер «Кто есть кто в Республике Казахстан» атаулы 2-томдыққа (Алматы, 2006. 1т,601бет), «Павлодар облыстық радиосына 70 жыл» (Павлодар, ЭКО, 2008, 134-138беттер), «Знаменательные и памятные даты Павлодарской области на 2008год» (Павлодар,ЭКО, 2007, стр.21-22,»Аймақтың басты арнасы», Павлодар (СытинаН.И. ЖШстр.35,70,126) атаулы жинақтарға еңгізілген.

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
8 лет назад 5211
2 комментария
О блоге
0
1613972 105 248 1928 133
Прямой эфир