Бірін бірі аяп ұрмаған екі қазақ спортшыға қызыл карточка көрсетілді
Бірін бірі аяп ұрмаған екі қазақ спортшыға қызыл карточка көрсетілді

Фейсбук қолданушысы Мұрат Алмасбекұлы былай деп хабарлады:

"Бұндай да болады екен, екі қазақ жекпе-жекте бірін-бірі аяп, төбелесе алмады.

Қытайда өткен ережесіз төбелесте екі қазақ – Қазақстаннан барған Айбек пен қытайлық қазақ Ғабит бір-бірін ұруға қолдары батпай, ақыры төрешілер қызыл қағазбен екеуін де алаңнан шығарып жіберді. Екі бауыр бір-біріне бір рет те жұдырық жұмсаған жоқ. Өтірік алысып, кезек жығылып, жұлқыласып жүріп алды.

Үзілісте Ғабиттың жаттықтырушылары «аямай ойна, жарыстың аты жарыс» деп жатқанын естідік. Бірақ, екеуі сонда да бір-бірін ұрып-соққан жоқ. Иә, бұнысы жарыс ережесіне сай емес шығар, бірақ бір-біріне қандасым деп елжіреген батыр жүректеріне қалай сүйінбейсің. Қазақты қазақ осылай аяп, құрметтейтін, жақсы көретін болса бізге ең үлкен атақ-абырой, даңқ-мәртебе сол емес пе!

Батыр жүректері бауырларына деген мейірімге бай баһадүрлеріміз көп болсын!

 

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
8 жыл бұрын 5307
1 пікір
Блог туралы
0
1613972 105 248 1928 133