Білмегендер бiлсiн!
Білмегендер бiлсiн!

1) Кұранда 114 сүре, 6666 аят, 77449 сөз, 333015 әрiп бар;
2) Кұрандағы ең ұзын сүре Бақара (286 аят) сүресi , ал ең қысқа сүре ол Кәусар (3 аят) сүреci;
3) Кұранда тек 25 пайғамбардың есiмi ғана аталған;
4) Кұранда ең қасиеттi аят ол Аят уль-Курси, ал ең қасиеттi сүре ол Фатиха сүресi;
5) Кұранда жануар мен жәндiктер есiмiмен аталған 5 сүре аталған. Олар: Нахл (ара), Нәмiл (құмырска), Бақара (сиыр) және Фил (пiл), Ғанкабут (өрмекшi);
6) Құранда әр әрiптi окығаныңыз үшiн сiз 10 сауап аласыз, ал тыңдағаныңыз үшiн 1 сауапқа ие боласыз;
7) Құранда Алланың есiмi ТЕК 1 сүреде ғана басталмаған ол Тәуба сүресi, қазақша мағынасы "Тәубе"!
8) Сонымен қатар Құран жер бетiне 23 жылда жеткiзiлген екен. 
9) Құранда Алла есiмi 2707 мәрте келедi, ал Мұхаммед (с.а.у.) есiмi 5 рет кездеседi.
10) Құранда Меккелiк сүрелер саны 86, ал Мәдиналық сүрелер саны 28.

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
10 жыл бұрын 9300
12 пікір
  • Бұны білгеніміз дұрыс екен.
    10 жыл бұрын
  • Иа әрдайым біліп жүретін мәліметтер!!!! Алла разы болсын!
    10 жыл бұрын
  • Алла разы болсын! Осы аяттардың саны әр жерде ғр түрлі жазылады: 6666, 6216, ... Сол біраз түсініксіз болды. Соның анық-қанығын кім біледі екен? Бір жолы өзім санап та көргенмін, 6214 шықты. Кішкене қателік кетуі де мүмкін деп, 6216-ға тоқталғанмын. Бірақ басқаша да сандарды келтіруінің себебі бар ма екен?
    10 жыл бұрын
    • қателеспесем біреулер сүрелердің басында келетін бисмилләні бөлек аят қылып санайды/санамайды, біреулер баста келетін әріптерді (әлиф ләм мим секілді) бөлек аят қылып санайды/санамайды, сосын аят арасындағы тоқтайтын жерлерді бөлек санайды/санамайды. Абдусамат аға сіз не дейсіз?
      10 жыл бұрын
    • Пайғамбарымыз Мұхаммед (с.ғ.с.) : «Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді. Мен «Әлиф, ләм, мим» бір әріп деп айтпаймын. Әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп». (Тирмизи).
      10 жыл бұрын
      • Cұлтан бауырым, біз не дейміз, домбырам не дейді...
        10 жыл бұрын
        • Султан негізі Shynar-ға жауап жазған секілді.
          10 жыл бұрын
          • сұрақ аят саны туралы емес па?
            10 жыл бұрын
          • Сұлтан ағаның жазғаны әріп саны ғой! Және сауабы. Ол белгілі, түсінікті нәрсе!
            10 жыл бұрын
          • мен де соны айтывотырмын
            10 жыл бұрын
  • Қайрат аға, сіз бұған не дейсіз?
    10 жыл бұрын
  • Әмин !
    10 жыл бұрын
Блог туралы
0
1613972 105 248 1928 133