Ұстаз Арман Қуанышбаев уағызынан
Ұстаз Арман Қуанышбаев уағызынан

◾ Бауырлар, бір-бірімізді қадірлеп, бір-бірімізге құрметпен қарап, бір-біріміздің істеген амалдарымызды кемісітпей, бір-бірімізді кем санап, бөліп жармайық. Бəлкей бірігіп, қайғымыз бен қуанышымызды "əкел бері" деп, тең бөлісіп жүретін халықпыз. 

◾ Өйткені баратын жеріміз бір ғана қараңғы қабір. Киетін киіміміз де бір. Бай да, кедей де сол базардағы ақ сұрыптан киеді. Байлардың ана версачеден киген киімі жоқ. Ол киімде ондай этикетка болмайды. Қанша дүниесі болса да, жеті қабат үйі, он сегіз түрлі көлігі, бес əйелі, екі жүз елу баласы бола қойсын. Баратын жері екі метр қазылған қабір, киетін киімі аппақ метрі сексен теңгелік ақ сұрып мата ғана. Сыртына не тұрғызса оны тұрғызсын. Сыртына мүмкін үш этаж үй тұрғызар, ал біреуге жай ғана бір кірпішпен белгі қояр. Ол сырты - дүниенікі. Байқайсыз ба? Сыртында əлі түр-түрліміз

◾ Бірақ астында бəріміз шындықта жатырмыз. Ешкімнің қазылған қабірін үш этаж қылып салмайды. Ешкімнің қабірін жанына бильярдный етіп, қасына саунасын салмайды. Ешкімнің қабірін арнайы евро стандарт қылып, евро ремонттың жігіттері келіп обойлап жаппайды. Бір жігітке тиынын береді, ол болса опыр-топыр қазады да, өлген адамды көтерген бойы лақтырып тастайды. Болды...

✏ Ұстаз Арман Қуанышбаев

 

 

 

http://vk.com/arman_kuanyshbaev

https://www.youtube.com/channel/UCT7pRuBX187JtddcCQdosZA   каналға жазылыңыздар

 

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
8 лет назад 8708
0 комментариев
О блоге
0
1613972 105 248 1928 133
Прямой эфир