БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ – БЕЙБІТ ӨМІР БАР
БІРЛІК БАР ЖЕРДЕ – БЕЙБІТ ӨМІР БАР

 Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Қазақстан халқына арнайтын жыл сайынғы дәстүрлі Жолдауының қай-қайсы да ұлттың болашағының жарқын болуы үшін қызмет етуде. Кейінгіге көз жүгіртіп, саралар болсақ, бұл сөзіме әбден көз жеткізуге болады. Әр жылдағы бас құжат жолдарынан үлкен істің айшығын, биік белестің бастауын, айрықша көрегендікті байқаймыз. Биылғы «Нұрлы жол – болашаққа бастар жол» атты кезекті Жолдаудан да көптеген жағымды жаңалықты һәм мінсіз орындалар міндетті аңғардық. Ең бастысы, мұнда еліміздегі халықтардың басын ұйыстырар, бірлікке шақырар, татулыққа бастар Елбасы сөздері бар.

Асыл дінімізді тіршілігіміздің өлшемі, өміріміздің мәні мен келбеті деп білсек, тұрғындарының жетпіс пайыздан астамы мұсылмандардан тұратын қазақ жұртының Көшбасшысы Нұрсұлтан Әбішұлының биылғы Жолдауының түйіні келісім мен бейбітшілікке шақырады. Қазір әлемнің қай бұрышына көз тіксеңіз де кикілжің мен қақтығысты байқайсыз. Басшыға бағынбаған халықтардың ырың-жырыңы мен соғыс пен дүрбелеңнің жалынына оранған бейкүнә жандарды көресіз. Ал біздің осындай ұлан-ғайыр даламыз, онда күн кешіп жатқан жүз отыз ұлттың өкілдері Отан деген үлкен шаңырақтың астында тату-тәтті ғұмыр кешуде. Міне, осы үшін де Аллаға тәуба, Жаратқанға шүкір деуге тиіспіз. Бастысы, осы.

Енді елдік пен даму көшіміздің қарқынына назар салып көрелік. Халықтың тұрмыстық, әлеуметтік ахуалының жыл санап түзеліп келе жатқанын мойындамасқа амал жоқ. Демографиялық жағдайымыздың да арта түскені сондықтан дер едім. Рас, баспана қамы талайдың бас мұңы еді. Енді, Жаратқан Елбасымызға амандық берсе, бұл түйткілдің де шешімін табар күн таяу қалған сыңайлы. Бастапқы жарнасыз һәм болмашы пайызбен пәтер алуға мүмкіндік тумақ.

Балабақшалар мен мектептердегі кезек проблемасының түйіні тарқатылмақ. Байтақ даламыздағы облыстар мен қалалар арасын күретамыр іспетті байланыстыратын жол мәселесі де Астанадан бастау алып тарқатылады да, әр тарапқа кедергісіз ағыламыз әлі.

Иә, Жолдау жүктеген міндеттер мінсіз орындалады. Ендеше, аталған жағымды хабарларды көретін күніміз жақын. Бұған Мемлекет басшысының алдыңғы Жолдауларының нәтижесі дәлел.

 

Ербол Абдуахитұлы Мәмбетов

«Әзірет Сұлтан» мешітінің наиб имамы

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
9 лет назад 5010
0 комментариев
О блоге
0
1613972 105 248 1928 133
Прямой эфир