Бір бауырымыз сіздермен өзінің Құран жаттау әдіс-тәсілімен бөліскісі келіп отыр
Бір бауырымыз сіздермен өзінің Құран жаттау әдіс-тәсілімен бөліскісі келіп отыр

Әссәләму ъаляйкум құрметті жамағат. Бір бауырымыз сіздермен өзінің Құран жаттау әдіс-тәсілімен бөліскісі келіп отыр. Қабыл алыңыздар. Мына жоспар бойынша:
5 күнде 3 аят = 1 аптада 15 аят
2 күн жаттаған 15 аятты 33 тен қайталауға 
1 аптада 15 аят * 4 апта = 1 айда 60 аят
1 айда 60 аят * 11 ай = 1 жылда 660 аят (Рамадан өткенді қайталауға)
Аль-Бакара (286 аят) + Аль-Имран (200 аят) + Ан-ниса (176 аят) = 662 аят.
1 жылда Аль-Бакара, Аль-Имран, Ан-ниса сүрелерін жаттап аласыз, бұл үлкен жетістік.

Биссмилляһ деп, алдыңызға Құран, қолыңызға тәспі(менікі “отыз үштік”) аласыздар. Бул әдіс 3 бөліктен тұрады:

А) 1. 11 рет бірінші аятты оқисыз; 11 рет екінші аятты оқисыз; 11 рет үшінші аятты оқисыз.
2. 11 рет 3 аятты біріктіріп оқисыз; 
3. 11 рет мп3 нұсқамен(Мишари Рашидпен бірге) осы 3 аятты Құранға қарап оқисыз. 11 рет мп3 нұсқамен(Мишари Рашидпен бірге) қарамай оқисыз. (Сіздер қаламасаңыз мп3 нұсқамен оқуды алып тастауға болады, бұл бауырымыздың осы шейхқа келтіріп оқитындығынан. Олай болса, 3 аятты біріктіріп өзіңіз 11 рет оқып шектелесіз)

Б) 1. Бірінші аяттан үшінші аятқа дейін СӨЗДЕРДІ 11 рет керісінше оқып түсесіз. Мысалға, сіздерге түсінікті болу үшін: “АльхамдулиЛляхи Роббиль Ъалямин, Ар-Рахманир Рахим, Мәлики Яумиддин” деген 3 аятты, “Ъалямин Роббиль АльхамдулиЛляхи 11 рет, Рахим Рахманир-Ар 11 рет, Яумиддин Мәлики 11 рет” деп. Кейін біріктіріп жалпы “Ъалямин Роббиль АльхамдулиЛляхи, Рахим Рахманир-Ар, Яумиддин Мәлики” 11 рет оқисыз.
2. 3-аяттан 1-аятқа дейін СӨЗДЕРДІ төменнен жоғарыға керісінше 11 рет оқып көтерілесіз. Мысалға: “АльхамдулиЛляхи Роббиль Ъалямин, Ар-Рахманир Рахим, Мәлики Яумиддин” деген 3 аятты “Яумиддин Мәлики 11 рет, Рахим Рахманир-Ар 11 рет, Ъалямин Роббиль АльхамдулиЛляхи 11 рет” деп оқисыз.
3. 3-аяттан 1-аятқа дейін керісінше төменнен жоғарыға СОЙЛЕМДЕРДІ 11 рет оқып көтерілесіз. Мысалға: “Мәлики яумиддин, Ар-Рахманир-Рахим, АльхамдулиЛляхи Роббиль Ъалямин – 11 рет” деген секілді.

В) 1. 33 рет 1-аяттан 3-аятқа дейін тез-тез, зуылдатып, яғни жылдамдыққа оқисыз. Егер тіліңіз байланып қалмаса, анық, жақсы, тоқтап қалмай тез оқысаңыз бұл сіздің жаттағаныңыз Ин Шаа Аллах.
2. Құран Кәрімді жабып өзіңізге тапсырып көріңіз. Сүрені толық бітірген соң ұстаздарға тапсырыңыз.

Ұзақ сүре жаттаған сайын 1 аптаға тоқтап, сол 1 апта бойы жаттаған сүрені қайталап жүрген абзал. Ал егер қысқаша сүрелер болса, келесі сүреге көшуге болады.

Бұл көп емес және қиын емес. Қорилыққа оқып жүргендер күніне 1 беттен 300 рет оқып жаттайды екен. Ал біздің мақсат күніне 3 аяттан 11-11 реттен оқып жаттау. 

5 жастан 23 жасқа дейін берекелі жас. Ерсін ағамыз айтқандай адамдар “губка” секілді. Жас кезінде нені сіңіреді, қартайғанда соны сығады, яғни жастық шақты ғибадатпен өткізіп, Қиямет Күні жемісін көрейік бауырлар. 40жаста фарзуль ъайнды, яғни намазды 40 жаста оқимын демей, 40жасқа дейін Хафиз боламын деп, фарзуль кифаяларды жоспарлайық. Жоғарыда келтірілген әдіс-тәсіл бойынша 30-парадан 27-параға дейін жаттап, әрі қарай көп жаттағаннан есте сақтау қабілетіміз Алланың Рахматымен күшейіп, күніне 4 беттен жаттайтын болармыз Ин Шаа Аллах. Қори боламын деген мақсат қоюдан қорықпаңыздар, барлығы шайттанның азғыруы: 114 сүренің барлығын қалай жаттамақсың, қолыңнан келмейді, деген секілді. Алланың Қасиетті Құран сөздерін жаттаймын деген адамға, Аллаһ жеңілдік береді. Қиямет Күні қоридың, оның ата-анасының дәрежесі жайлы алдыңғы/төменгі жазбаларда айтып кеткенбіз. Сондықтан осындай үлкен мақсаттар қойып, соған амал етейік.
Тауды құлатқан адам, бір орыннан екінші орынға майда тастар тасудан бастаған, ал 1000 шақырым өткен адам, 1 қадамнан бастаған.

 

http://vk.com/club68763729

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
10 лет назад 27067
1 комментарий
О блоге
0
1613972 105 248 1928 133