Әл-Мулк сүресі
Әл-Мулк сүресі

    Әл-Мулк сүресі (араб: سورة الملك‎) (Өкімет, Билеуші, тікелей мағынасы 'Патшалық') - Қасиетті Құран Кәрімнің 30 аяттан тұратын 67-ші сүресі. Бұл есім Аллаһ Тағаланың 99-есімдерінің бірі. Сүреде Аллаһ Тағалының шексіз Құдіретті күшті екені еске салынады және кімде-кім Пайғамбар с.а.с. ескертулерін меңземейтін болса, онда ол Жаһаннамда отқа оралатыны ескертіледі.

Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Мүлк сүресін әр күні түнде оқыған кісіге Алла Тағала қабір азабын бермейді». «Мүлк сүресін оқымай жатпа, сірә өлгенде қабірде жолдас болады. Әр түні Мүлк сүресін оқыған кісі Қадір тунін ғибадатпен өткізгендей сауап алады. «Мен Мүлк сүресінің үмбетімнен әр адамның жүрегінде болғанын жақсы көремін. Абдуллаһ ибн Аббас (р.а.) былай дейді: «Мүлк сүресін оқы. Оны Жатта! Бала-шағаңа, көршілеріңе де үйрет! Өйткені, бұл сүре азаптан құтқарушы. Оқыған кісіге Алланың жанында шапағатшы. Егер кісі оны жаттаған болса, Алладан оны (кісіні) тозақтан құтқаруын тілейді. Алла, сол себепті оны қабір азабынан қорғайды». Мұхаммед ибн Алқами былай дейді: «Әр түні Тәбәрәка (Мүлк) сүресін оқығаннан қабір сұрақтары сұралмайды». Пайғамбарымыз (с.а.с.) былай дейді: «Құран Кәрімде отыз аяттық бір сүре бар. Кім ол сүрені ұйықтар алдын оқыса, ол кісіге отыз сауап жазылады, отыз күнәсы кешіріледі. Отыз дәреже көтеріледі. Алла Тағала ол кісіге бір періште жібереді. Ол періште ол кісінің үстіне қанатын жайып, оянғанша оны барлық нәрседен қорғайды. Ол сүре қабірде өзін оқыған кісіге(азап болмас) үшін күреседі. Міне, ол сүре Мүлк сүресі»

 

67. Мүлк сүресі

Бисмилләһир Рахманир Рахиим
(1) тәбәрәкәл ләз̃ии бийәдиһил мулку уәһууә ъалә кулли шәйин қадиир
(2) әлләз̃ии халәқал мәутә уәлхәйәтә лийәблууәкум әййукум әхсәну ъамәлә [жим] уәһууәл ъазиизул ғафуур
(3) әлләз̃ии халәқа сәбъа сәмәуәтин тибәқан [cалә] ммә тәрә фии халқир рахмани мин тәфәуутин [cалә] фәржиъил бәсарә һәл тәрә мин футуур
(4) с̃уммә ржиъил бәсарә кәррәтәйни йәнқалиб иләйкәл бәсару хасиәу уәһууә хәсиир
(5) уәләқад зәййәннәс сәмәәд дунйә бимәсабиихә уәжәъалнәһә ружуумәл лишшәйәтиини [cалә] уәәътәднә ләһум ъаз̃әбәс сәъиир
(6) уәлилләз̃иинә кәфәруу бираббиһим ъаз̃әбу жәһәннәмә [cалә] уәбисәл мәсиир
(7) из̃ә улқуу фииһә сәмиъуу ләһә шәһииқау уәһийә тәфуур
(8) тәкәду тәмәййәзу минәл ғайзи [cалә] кулләмә улқийә фииһә фәужун сәәләһум хазәнәтуһә әләм йә'тикум нәз̃иир
(9) қалуу бәлә қад жәәнә нәз̃иирун фәкәз̃з̃әбнә уәқулнә мә нәззәлаллаһу мин шәйин ин әнтум иллә фии даләлин кәбиир
(10) уәқалуу ләу куннә нәсмәъу әу нәъқилу мә куннә фии әсхәбис сәъиир
(11) фәътәрәфуу биз̃әнбиһим фәсухқал лиәсхәбис сәъиир
(12) иннәл ләз̃иинә йәхшәунә раббәһум билғайби ләһум мәғфирәтуу уәәжрун кәбиир
(13) уәәсирруу қауләкум әуи жһәруу биһи [cалә] иннәһу ъалиимун биз̃әтис судуур
(14) әлә йәъләму мән халәқа уәһууәл ләтиифул хабиир
(15) һууәл ләз̃ии жәъалә ләкумул әрда з̃әлуулән фәмшуу фии мәнәкибиһә уәкулуу мир ризқиһи [cалә] уәиләйһин нушуур
(16) әәминтум мән фиис сәмәи әй йәхсифә бикумул әрда фәиз̃ә һийә тәмуур
(17) әм әминтум мән фиис сәмәи әй йурсилә ъаләйкум хәсибән [cалә] фәсәтәъләмуунә кәйфә нәз̃иир
(18) уәләқад кәз̃з̃әбәл ләз̃иинә мин қаблиһим фәкәйфә кәнә нәкиир
(19) әуәләм йәрәу иләт тайри фәуқаһум саффәтиу уәйәқбидн [жим] мә йумсикуһуннә илләр рахман [жим] иннәһу бикулли шәйин бәсиир
(20) әммән һәз̃әл ләз̃ии һууә жундул ләкум йәнсурукум мин дуунир рахман [жим] инил кәфируунә иллә фии ғуруур
(21) әммән һәз̃әл ләз̃ии йәрзуқукум ин әмсәкә ризқаһ [жим] бәл ләжжуу фии ъутууиу уәнуфуур
(22) әфәмәй йәмшии мукиббән ъалә уәжһиһи әһдә әммәй йәмшии сәуиййән ъалә сирәтим мустәқиим
(23) қул һууәл ләз̃ии әншәәкум уәжәъалә ләкумус сәмъа уәләбсарә уәләфидәтә [cалә] қалииләм мә тәшкуруун
(24) қул һууәл ләз̃ии з̃әрәәкум фиил әрди уәиләйһи тухшәруун
(25) уәйәқуулуунә мәтә һәз̃әл уәъду ин кунтум садиқиин
(26) қул иннәмәл ъилму ъиндаллаһи уәиннәмә әнә нәз̃иирум мубиин
(27) фәләммә рәәуһу зулфәтән сииәт уужууһул ләз̃иинә кәфәруу уәқиилә һәз̃әл ләз̃ии кунтум биһи тәддәъуун
(28) қул әрәәйтум ин әһләкәнийаллаһу уәмәм мәъийә әу рәхимәнә фәмәй йужиирул кәфириинә мин ъаз̃әбин әлиим
(29) қул һууәр рахману әмәннә биһи уәъаләйһи тәуәккәлнә [cалә] фәсәтәъләмуунә мән һууә фии даләлим мубиин
(30) қул әрәәйтум ин әсбәхә мәукум ғаурән фәмәй йә'тиикум бимәим мәъиин

 

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
10 лет назад 797483
7 комментариев
  • Маш аллах.аллаһ разы болсын.
    10 лет назад
  • Өте дурыс болды арап әріптерін білмейтіндерге!
    10 лет назад
  • Имран сүресі бар ма?
    10 лет назад
  • Салем! Менин Акем дуниеден откен Мулик суресин окысам Акеме барама кабирин дарык кыла ма? кандай кундер окыган дурыс или кунигеме Жалпы токталып оте аласыз ба анык етип
    5 лет назад
    • Ассаламу агалейкум уарахматулахуабаракатух билем уакыты 1-жылдан асып кетти брак аиту миндет сиз ИншаАллах Әкенизге комектесуге болады сиз бар шаманыз келгенше Құран китабин 1-ши беттен бастап жаттаи бериниз сиздин шын ниеттпен жаттаган 1 арип болсын бир суре болсын акенизге женилдик акеледи ал Әкениздин басына барсаныз егерде сиздин аганыз или ининиз болса сиз Құран багштаи алмаисыз егерде тек балалары кыз бала болатын болса онда багштауга болады Фатиха суресин 1-рет Ықлас суресин 3-рет аиттып артынан дуга тилесениз олда бир улкен комек назарларынызга оте коп рахмет Ассаламу агалейкум Уарахматулахуабаракатух)
      4 года назад
О блоге
0
1613972 105 248 1928 133