Головкин Геннадий Геннадьевич (8 сәуір 1982 жыл Қарағанды қаласында туған) -Қазақстандық спортшы, кәсіби боксшы, IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы, Бокстан Әлем чемпионы (2003) және Олимпиаданың күміс жүлдегері (2004).
Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінің дене тәрбиесі және спорт факультетін бітірген (2003). 2003 жылдан бері - «Астана батыры» жекпе-жек клубы» МКҚК-да бокс жөніндегі нұсқаушы-спортсмен. ҚР спорт шебері (2000). Халықаралық кластағы спорт шебері (2002). Бокстан ҚР Еңбек сіңірген спорт шебері (2003). «Құрмет» орденімен марапатталған. Үйленген.
Жетістіктері
- 2003 жылы әлем чемпионы және 2004 жылғы Олимпиада ойындарының күміс жүлдегері.
- 7 рет Қазақстан Республикасының чемпионы, халықаралық турнирлердің жеңімпазы: жастар арасындағы әлем чемпионы (Мажарстан, Будапешт, 2000 ж.);
- ҚР I спартакиадасының чемпионы (2001 ж.);
- Шығыс Азия ойындарының чемпионы (Жапония, Осака, 2001 ж.);
- Азия ойындарының чемпионы - (Оңтүстік Корея, Пусан, 2002 ж.);
- Жеке сынақ бойынша Әлем кубогының чемпионы (2002 ж.);
- «А» класты турнирлердің бірнеше мәрте жеңімпазы.
- WBA нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 8 рет қорғады)
- IBO нұсқасы бойынша орташа салмақта әлем чемпионы (атағын 5 рет қорғады).
- 89% нокауттық үлесімен Головкин кәсіпқой бокс тарихында орташа салмақ бойынша ноукат үлесімен бірінші орында тұр.
2006 жылы кәсіпқой боксқа ауысты.
Бокстан әлем чемпионаты (2003)
Афина Олимпиадасы (2004)
Әлем кубогы (2005)
Бокстан әлем чемпионаты
Кәсіпқой бокс
2012 жылы Феликс Штурмды жеңген аустралиялық Дэвид Гил міндетті түрде осы жыл аяғына дейін өз белбеуін Геннадийге қарсы қорғауға шақырғанымен, Гил басқа өз отандасымен жекпе жекке шығуға шешкен. Осының нәтижесінде WBA Генаға Гилдің титулын тартып алып берді, яғни Гена - суперчемпион атанды.
32 жеңіс (29 нокаут), 0 жеңіліс, 0 тең
http://kk.wikipedia.org/wiki/Геннадий_Геннадьевич_Головкин