Кімде-кім "Йа, Раббым, Саған сондай мақтаулар болсын! Сенің Дидарыңның ұлылығындай, Патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын!" десе оң иықта отырып жақсылықтарды жазатын періште тоқтап қалады екен. Содан соң ол періште Раббысына жалбырынып:
-Йa, Раббым, мына пендең осындай мақтау айтты. Бұған қанша сауап берілетінін білмеймін ғой. Не деп жазайын?-дейді.
Сонда Мейірімі шексіз Алла Тағала:
-Пендем не деп айтқан болса, сол айтқанын дәл солай жазып қой. Ертең Қияметте ол пендеммен Өзім есептесемін,-деп жауап береді.
Аспандағы барлық жұлдыздарды бір қарағанда санап беретін періште бар. Яғни аспанда қанша жұлдыз болса, ол періштенің де сонша көзі бар екен.
Сол періште тұрып:
-Мен жаңағы пенденің айтқан мадағының сауабын қанша санасамда санына жете алмадым ғой,-дейді екен.
Ұстаз Арман Қуанышбаевтың уағызынан
|

0 пікір
Блог туралы
Тікелей эфир
-
Cаттар жаңа жазба қосты: "Пастбищное скотоводство наносит меньше вреда клима..."бірнеше секунд бұрынNurqanat Baizaq жаңа жазба қосты: "БІРІККЕН АРАБ ӘМІРЛІКТЕРІНДЕ ЫСТЫҚҚА ТӨЗІМДІ АРА Т..."22 сағат бұрынЕрнар Елмуратов жаңа жазба қосты: "Чудеса сотворения: почему человек, имея два глаза,..."2 күн бұрынБөгенбай ЗИЯЛЫ жаңа жазба қосты: "Қызылордалық оқушы жаңа математикалық кесте ойлап ..."2 күн бұрынТәңіртау - ءتاڭىرتاۋ жаңа жазба қосты: "РУМИ: ҚАШАН РУХАНИ ЕСЕЙІП, ТОЛЫСАСЫҢ?..."3 күн бұрынДәурен жаңа жазба қосты: "В Жетысу вывели лошадей нового типа казахской поро..."3 күн бұрын2023, Islam.kz ұлттық, рухани-ағарту порталы
Сайт материалдарын қолдану үшін сілтеме көрсетуіңіз міндетті.