Кубаға барғанда бір күні Бауыржан Момышұлы сол елдің әскер басшыларымен, генаралдарымен кездесіпті. Олар өздерінің әскери жарғысымен таныстырады. Жарғының бір бөлімі шегіну туралы екен. Баукең оларға:
– Сіздердің жарғыларыңызда шегіну деген болмау керек, алақандай аралда отырған елдің әскері шегінгенде қайда барады? Мұхитқа құлай ма?! Біздің кең байтақ Отанымыздай болса бір сәрі, шегіне жүріп, маневр жасай беретін, – депті.
http://www.ulas.kz/kk/maqala?id=409&aidar=Деген%20екен#.VWmAe8cseko