«Пайғамбарымыздың саллалаху алейхи уассалам дәуірі өткеннен кейін, тарихтың сүзгісінен өтіп, қалыптасқан төрт ірі мектептің іргелісі, бабаң дәріптеп, ұстанған жол – бөтен емес. Басқа басқа, біз ұстанған Ханафи мазхабымен сан ғасырлар мемлекет басқарылған. Бұл әлдебіреулердің өз ұстанымдары мен ниеттеріне қарай жазылған кітаптарымен жоққа шығарыла салатын жол емес. Мазхабыңнан ажырау – өз таным-түсінігіңнен алыстау. Әр елдің ғасырлармен қалыптасқан салт-санасы, дәстүрі бар. Мұны пайғамбарымыз білмейді деймісіз? Жоқ. Сол себепті сахабаларын дін таратуға аттандырар сәтте, халықтың салт-дәстүрімен санасуды, құрметтеуді тапсырды. Әлбетте, шариғат шартына, сенімге қайшы келмеген жағдайда. Бұған дәлел жетеді тарихта. Ал, халқымыздың дінді өте берік ұстанғаны сонша, бүгінде біз соның кейбірін дәстүріміз деп білеміз. Бұл дәстүрімізге сіңіп кеткен асыл діннің айшықты нышандары»
Достарыңызбен бөлісіңіздер.
http://vk.com/arman_kuanyshbaev