Барлық әйел баласы ұятты саналған әуретті жерлерін киімімен жауып, бөгде ер кісілерге көрсетпей жүрудің шариғаттағы үкімі – парыз. Әйелдердің басын орамалмен жауып, әурет жерлерін бөгде адамдардан жасырып, ұзын киім киюі – Алла тағаланың бұйрығы. Қазақ ғұрпында әйел кісі бас киімсіз, жалаңбас жүрмеген.
Мүфти Ержан қажы Малғажыұлы
Орамалмен оранған қарындасым,
Көңіліңді нала-мұң жамылмасын!
Сені «Адасқан сектант» — дегендерден,
Әлдеқайда, шүкірлік, бағың басым!
Орамалмен оранған әпкелерім,
Қаралауда сендерді, әттең елім!
Әттең, елім бірақ та білмейді ғой,
Бәріне жауап берер сәт келерін.
Сектант емес орамал жамылғандар,
«Арабтың киімі» — деп жаңылмаңдар!
Қыздарға «Орансын» — деп Құранда айтқан,
«Аллаһтың бұйрығы» — деп қабылдаңдар!