Ережеп (Раджаб) айының ерекшелігі немесе Рағайып түнінің қасиеті
Әр жылы әлем мұсылмандары қасиетті Рағайып түнін қарсы алады. Бұл түн - мұсылмандар үшін ең қасиетті түндердің бірі. Осы айдың алғашқы жұма күні Пайғамбарымыздың ата-анасы отау құрып, Алланың елшісі анасының жатырына түскен күн. Бұл түн сондықтан «Рағайып түні» деп аталады. 13 маусымда басталған мұсылман қауымының қастер тұтатын мерекесі - Ережеп айының алғашқы жұма түні Рағайып түні (Ләйләту Рағайып) болып табылады. «Рағайыптың» сөздік мағынасы «рағибә» сөзінің көптік мағынасын береді. Ал рағибә «жауһар, құнды, бағалы, ихсан» мағыналарына...