Ұстаз Арман Қуанышбаевтың уағызынан
Ұстаз Арман Қуанышбаевтың уағызынан

Кімде-кім "Йа, Раббым, Саған сондай мақтаулар болсын! Сенің Дидарыңның ұлылығындай, Патшалығыңның құдіретіндей мадақтар болсын!" десе оң иықта отырып жақсылықтарды жазатын періште тоқтап қалады екен. Содан соң ол періште Раббысына жалбырынып:
-Йa, Раббым, мына пендең осындай мақтау айтты. Бұған қанша сауап берілетінін білмеймін ғой. Не деп жазайын?-дейді. 

Сонда Мейірімі шексіз Алла Тағала:

-Пендем не деп айтқан болса, сол айтқанын дәл солай жазып қой. Ертең Қияметте ол пендеммен Өзім есептесемін,-деп жауап береді.
Аспандағы барлық жұлдыздарды бір қарағанда санап беретін періште бар. Яғни аспанда қанша жұлдыз болса, ол періштенің де сонша көзі бар екен. 

Сол періште тұрып:

-Мен жаңағы пенденің айтқан мадағының сауабын қанша санасамда санына жете алмадым ғой,-дейді екен.

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
2 года назад 820
0 комментариев