Құран оқуға құлшынысыңызды оятатын 7 хадис
Құран оқуға құлшынысыңызды оятатын 7 хадис

Құран оқуға құлшынысыңызды оятатын 7 хадис: ●«Құран оқыңыздар! Расында, Қиямет күні ол өзін оқығанға шапағатшы ретінде келеді». (Муслим). ●Сендердің ең жақсыларың – Құранды үйреніп оны үйреткендерің». (Бұхари). ●«Құраннан бір әріп оқыған адамға бір жақсылық жазылады. Ал әрбір жақсылықтың сауабы он еселенеді. Мен «Әлиф, ләм, мим» бір әріп деп айтпаймын. Әлиф – бір әріп, ләм – бір әріп, мим – бір әріп». (Тирмизи). ●«Мен сендерге егер нық ұстасаңдар еш адаспайтын екі нәрсе қалдырып барамын, ол – Алланың Кітабы (Құран Кәрім) және менің сүннетім». (Муатта). ●«Жүрегінде Құраны жоқ адам – қираған үй секілді». (Тирмизи). ●«Кімде-кім Құранды оңай үйренген болса, мәртебелі оқушы (қари) атанады, ал кімде-кім қиындықпен мүдіріп оқыған болса, екі есе сауапқа ие болады». (Муслим). ●Қиямет күні Құран келіп: «Я, Алла, Құран оқушыны көріктендір» дейді, сонда оған қошемет тәжі кигізіледі. Содан кейін Құран: «Я, Алла, онан сайын еселе!» дейді, сонда оған қошемет киімі кигізіледі. Содан кейін Құран: «Я, Алла, оған разы бол!» дейді, сонда оған разы болынады. Осыдан кейін ғана Құран оқушыға: «Оқы және биіктей түс» делінеді, сонда ол оқыған әрбір аятқа сауап жазылады». (Тирмизи). 

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
2 жыл бұрын 2078
1 пікір
Блог туралы
0
167222 96 245 1297 132