Лев Толстой «Мұхаммед-Алланың елшісі» деген кітап жазғанын біреу білсе, біреу білмес
Лев Толстой «Мұхаммед-Алланың елшісі» деген кітап жазғанын біреу білсе, біреу білмес

                                                                                            Лев Толстой

     Осы бір айтулы тұлғаның «Мұхаммед-Алланың елшісі» деген кітап жазғанын біреу білсе, біреу білмес. Оның жеке дәрігері Моковитский былай деп жазады: «1309-шы жылы 13-ші наурызда Толстоймен сөйлескенімде ол: «Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с) ретінде үнемі және әр жерде өзге илаһи пайғамбарлардан жоғары тұрады. Мұхаммед (с.ғ.с) адамды не төмендеткен жоқ, не оны Құдай мәртебесіне жоғарылатқан емес, өзін де Құдай мәртебесіне жақындатпайды және Құдайдың орнына қоймайды. Мұсылмандар Алладан өзгені тәңір тұтпайды. Мұхаммед (с.ғ.с) - олардың пайғамбары», - деді. Толстойдың Алла елшісіне деген ынтықтығы «Мұхаммед - Алланың елшісі» деген кітапта анық көрінеді. Ол өзінің Мұхаммед пайғамбар туралы кітабында былай деп жазады: «Сөзсіз, Ислам пайғамбары әлемдегі ең үлкен ағартушы. Ол адамзат қоғамына зор қызмет етті. Қан төгуші әрі жабайы ұлтты сорақы қылықтар шеңгелінен босатып, оларға ілгерілеушілік жолын ашу мақтанышы ол үшін жетерлік. Ешбір қарапайым адам осындай ғажап іс атқарып, тиімді нәтижеге қол жеткізе алмайды. Сондықтан, Ислам пайғамбары әр түрлі құрмет пен қастерлеуге лайық».

Элена Вакилова ханым Толстойға жазған хатының бір бөлімінде былай деп жазады: «Мен балаларын шексіз сүйетін анамын. Қазір сізге осы хатты жазып отырғанда, көз жасымды тия алмай отырмын. Бірте-бірте ақылымнан адасып бара жатқандаймын және сізге хат жазудан басқа амал таппадым. Екі ұлымның бірі студент, бірі офицер. Олар христиан дінін ұстанады. Алайда, өз діндерін тастап, Исламды қабылдап, мұсылмандарға қол ұшын беруі керек деген сенімде. Мен не істей аламын? Тек сіз ғана өз парасатыңыз және біліміңізбен менің мәселемнің шешімін таба аласыз. Мені өз сөздеріңізбен жұбатыңыз». Абыржыған анаға Толстой былай деп жауап жазады: «Адам ең үздік жаратылыс иесі ретінде ішкі ғажайып қабілеттерімен жалпының құрметі мен өмір жолы мен тәсілін таңдауға лайық. Осы бағытта аспандық діндер адам мен оның шарапатын қорғау үшін үндес болып, қисық жолға қарсы тұрып, қолайлы шешім жолын ұсынады. Діндер ортақ рухани және ахлақтық қағидаларымен ахлақтық жол нұсқау мен адами құндылықтардың бағалы қорына ие. Дегенмен, қай дін бәрінен де жан-жақты және ауытқушылық пен бұрмалаудан аман қалған?» Толстой хатының жалғасында Исламды дәріптей келе былай деп жазған: «Перзенттеріңнің осы аспандық пікір жолында қызмет атқарып отырғаны үшін оларға қосыламын және оларды шын жүректен құттықтаймын. Қазір осы жолдарды сізге жазып отырған кісі-христиан. Көп жылдардан бері христиандықтың тағылымдарына дағдылансам да, Ислам діні мен Мұхаммедтің тағылымдары барлық ерекшеліктері және сырттық көрінісінен көрініп отырғандай христиандықтан әлдеқайда толығырақ әрі бағалырақ. Ислам дінінің сыртқы ерекшеліктерін христиандықпен салыстыруға келмейді. Мысал ретінде әр адам үшін Ислам мен христиан діні арасынан біреуін таңдап, сол бойынша Құдайға сыйынуға мүмкіндік болғанда, әр нәрседен бұрын бірнеше Құдайға еру мүмкін емес деп ойлануы тиіс. Табынушылықтағы көп түрлілік діндердің негізгі тағылымдарына қайшы келеді. Ал, қарсы тарапта Ислам діні тұрады. Онда тек бір Құдайға ғана сыйынады. Осы бір дәлелдің өзі Исламның христиандықтан артықшылығына себеп болады. Әлбетте, ақыл есі дұрыс әр адам осы таңдауда міндетті түрде өзге дінді емес, Исламды таңдайтын болады. Ислам дініндегі тұлғалардың басында хазірет Мұхаммед (с.ғ.с) бар. Оның тағылымдарынан барлық киелі діндердің тағылымдары көрінеді және христиан дініндегі көптеген ақиқаттармен бағыттас әрі жақын». 
 Толстой жылдар бойы зерттеулерден кейін ашық сөзінде былай деп мәлімдейді: «Мен үшін Мұхаммедтің (с.ғ.с) жолында болу крестті мадақтаудан маңыздырақ. Осы салыстыруда мен Мұхаммедтің (с.ғ.с) дінін таңдаймын. Сөзсіз, Мұхаммедтің (с.ғ.с) шариғаты оның ақыл және хикметпен сәйкестігі үшін болашақта әлемді қамтиды. Ислам пайғамбары бір Аллаға табыну және достықтан басқаға шақырмайды».

 

http://www.sunna.kz/kz/post/view?id=296

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
2 жыл бұрын 1244
1 пікір
Блог туралы
0
167222 96 245 1297 132