ЕМШІ БАЛА ЕРБОЛСЫН ТУРАЛЫ!
ЕМШІ БАЛА ЕРБОЛСЫН ТУРАЛЫ!

  Аралқұмдағы Ерболсын деген емші бала туралы көпшілігіңіз естіген боларсыздар? «Соқыр болып барған адамның көзін ашып жібереді екен; Жүре алмай қалғандарды аяғына тұрғызып жатыр екен; Балаларды сүндетке отырғызып, дәрігер қайтарған науқастарды жазыпты», «тағы да сол сияқты екен» дегендер көбейіп кеткен еді. Бірақ ол баланың қандай жолмен емдейтінінде шаруасы жоқ. Құран аяттарымен, пайғамбар (салаллаһу әлейһи уәссәләм) хадистерімен, сүннетпен емдесе бір жөн. Ол баланың жын-шайтандармен байланысы бар, оған барып, емделгеніңіз - Аллаһқа ширк етіп, күпірлік жасағаныңыз. Және ол емдегенде сол адамдардан қара бірнәрселер шығады деп өзі айтты. Ал имам ол қара нәрселер - емші баланың ішіндегі үлкен жыннан қорқып шыққан аурудың жындары екенін айтты. Егер расымен де емші болса, өзі де ауырады екен, емханадан ем алып жүр екен, өз ауруын неге емдей алмайды?! "Кешкі кездесу" бағдарламасында имам мен емші бала кездесіп, бір-біріне сұрақтарын қойған еді, жауапты видеодан таба аласыздар. Бұл хабарда емші баламыз үлкен адамдармен қалай сөлеседі өзі, имамды тыңдамайды, үлкендерге қарсы сөз айтады. Балаңыз жоқ екен, сіз де келіп ем алып кетсеңізші деген баланың ұсынысына "Ондай шіріктікті істегенше, баласыз өткенім артық" деген имамның осы сөзі жүрегімді бір тебіренткендей болды. Аллаһ ол кісіге разы болсын. Аллаһ оған қайырлы да салихалы перзент нәсіп етсін. Құран Кәрімде «Нәс» сүресінде жындардың адамға әсері жайында: (4) «Сыбырлап азғырушының кесірінен», (5) «Сондай адамдардың көкейлеріне салатын»; (6) «Мейлі жыннан, мейлі адамдардан болсын, (бүкіл азғырушылардың кесірінен Аллаға) сиынамын» де», [6] - делінген. [6] «Нәс» сүресі, 4-6 аяттар. Жыннан құтылу үшін ең әсерлі қару – Кәлимаи Тәмжид «Ла хаулә уә ла қууата илла биллаһил алийил азим» және истиғфар дұғасы. Бұл дұғаларды оқығандардан жындар қашады және сиқыр шешіледі. Аятәл күрси, Ихлас, Фалақ, Нас және Фатиха сүрелерін жиі-жиі оқу да адамды жыннан қорғайды.

ОСЫ ХАБАРДЫ ТАРАТЫП, БҰНЫҢ ШИРК ЕКЕНІН БІЛМЕЙТІН БАУЫРЛАРДЫ САҚТАНДЫРАЙЫҚ !!!

 

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
2 жыл бұрын 3902
3 пікір
  • Бұл бала әлі жас. Жас болса да үлкендердің әңгімесін айтады. Қатты кеткенін экраннан көрдім. Имам да сабырлы болғаны абзал еді. Өз қандас ініміз, баламызды айыптап одан адамдарды қащырғанымен кім не ұтады? Мысалы сіздің ініңіз не балаңыз осындай дертке ұшыраса не істер едіңіз? Бұны індет ретінде қарап байсалдылық танытайық. Мамандар барсын. Тексерсін. Ортамызға қосалық. Қайта біз сабыр сақтайық
    2 жыл бұрын
  • бундайда сабыр сактап отыра беру дурыс емес!!!Барынша қатты қарау керек және адамдардыда буған барудан тию керек!!!мынанын ішінде жындардын көкесіғой АҒУЗУБИЛЛЯ!!!
    2 жыл бұрын
Блог туралы
0
167222 96 245 1297 132