7 сәуірде Елордада Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі .
7 сәуірде Елордада Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі .

  7 сәуірден бастап елордада «Мен салауатты өмір салтын қолдаймын» ұранымен Дүниежүзілік денсаулық күні атап өтіледі. Бұл іс-шара ҚР денсаулық сақтауды дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған «Саламатты Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында ұйымдастырылады. Мереке елордадағы «Керуен» сауда ойын-сауық орталығында тойланады. Сол жерде ұйымдастырылатын акция аясында «Денсаулық қалашықтары» ашылып, кез келген қатысушы медицина мамандарының кеңестерін ала алады. Спорт клубтарының өкілдерінің қатысуымен шеберлік дәрістері, түрлі конкурстар, викториналар, флеш-моб, спорттық-бұқаралық шаралар өтеді. Сондай-ақ Дүниежүзілік денсаулық сақтау күні шеңберінде Астана қаласының медициналық мекемелерінде Ашық есік күндері ұйымдастырылады.  Шара барысында әрбір тұрғын жоғары санатты мамандарға көкейдегі сауалдарын қойып, консультациялық көмек ала алады.

http://khabar.kz/kz/news/kogam-kz/item/18876-elordada-duniezhuzilik-densaulyk-kuni-atap-utiledi

Сұлтан Жұмабекұлы Сұлтан Жұмабекұлы
2 жыл бұрын 604
1 пікір